Алматы қаласы Білім басқармасының
«№60 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-48-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-43-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қыркүйек
2023

Тіл мерекесіне арналған іс-шара

КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ашенова Акбота Сериковна, Копбаева Гульмира Жунисалиевна 4 "В" сыныбында "Тіл-достықтың тірегі" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ертеңгілік барысында оқушылар өз өнерін көрсетті, атап айтар болсақ тіл, Отан тақырыбында өлеңдер, мақалдар айтылып, жас суретшілер өздерінің салған суреті бойынша сөйледі, "Мақтақыз бен мысық" ертегісі кейіпкерлерін сомдап, әртістік өнерлерімен көрермендерді тамсантты. Сонымен қатар домбыра, гитара, скрипка сынды аспаптарда ойнап, дарынды оқушылар екенін тағы бір мәрте байқатты. Сондай-ақ, қазақ тілінде қойылған сұрақтарға өте белсенді қатысып, нақты жауаптар айта білді. Тіл мерекесіне арналған іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятуға, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге, дарынды оқушылар қатарын көбейтуге бағытталған.