Алматы қаласы Білім басқармасының
«№60 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-48-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-43-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр!
23
қыркүйек
2022

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр!

❤️Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.
22 қыркүйек – Тілдер мерекесі күні. Ұлы ұстаздың құрметіне КММ №60 гимназияда 9,11 сыныптары аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты салтанатты әдеби- тақырыптық дәріс, музыкалық кеші өтті. Ұстаздың мұрасынан сахналық қойылым, ғалымның еңбектерін үзінді оқу және таратуға, дәріптеуге арналған мүшәйра өз мәресіне жетті. Гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тоқтасынова А.С. Бегинбаева Қ.О. Тлепова Ж.А. ұйымдастырған іс-шара жоғары дәрежеде өтті. Салтанатты әдеби- тақырыптық дәріс оқушылардың көкейінде қалары сөзсіз, себебі Алаштың бес арысын еске алу және Ахмет Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңі, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының желісімен қойылған көріністер өте тартымды орындалды.
#60гимназия